+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Сақтық шараларын қатаң ұстансақ, індеттің таралуы тоқтайды - атыраулық дәрігер

2020 жылғы 23 мамыр 21:10
Бөлісіңіз:
Сақтық шараларын қатаң ұстансақ, індеттің таралуы тоқтайды - атыраулық дәрігер

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус індетімен күреске 650 медицина қызметкері тартылған. Соның бірі – Нұрбақыт Көпжанов, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір ол Атырау қаласындағы №5 емханада жанұя денсаулығы орталығының меңгерушісі болып жұмыс істейді.

«Қауіпті індетпен күресте дәрігерлерге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Біз халықтың денсаулығын сақтау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – біздің міндетіміз» дейді ол.

Нұрбақыт Көпжановтың айтуынша, №5 қалалық емханаға тіркелген тұрғындардың арасынан қауіпті індетті жұқтырған үш жағдай тіркелген.

«Коронавирус инфекциясы табылған науқастар тұратын үйлерді жедел оқшаулап, дәрігерлік бақылауға алдық. Ал, карантинде жатқандарды күніне үш сағат сайын термометриядан өткіземіз. Телефонмен хабарласып, видеобайланыс арқылы карантиндегі адамдардың жағдайын біліп, шағымдарын сұраймыз. Олардың барлығын бақылауда ұстап отырмыз. Инфекция белгісі бар науқастарды қабылдау үшін емханада провизорлық бөлімше ұйымдастырылды. Коронавирус инфекциясының белгісі болуы мүмкін деген күдікпен келген науқастарды аталған бөлімшеде қабылдап, мұрнынан сынама аламыз», - дейді Нұрбақыт Көпжанов.

Ол алынған сынаманың қорытындысы шыққанша науқастар дәрігердің бақылауында болатынын айтты. Нәтиже расталғанда ғана науқас инфекциялық ауруханаға жіберіледі.

«Дәрігердің міндеті – халықтың денсаулығын сақтау. Біз өз міндетімізді бұрыннан адал атқарып жүрміз. Әсіресе, қазіргі қиын жағдайда дәрігерлерге жүктелген жауапкершілік бұрынғыдан да еселеп арта түсті», - дейді ол.

Дәрігердің айтуына қарағанда, Атырауда коронавирус инфекциясы тіркелгеннен бері емхана жұмысына өзгеріс енгізілген.

«Емханада науқастарды қабылдау онлайн режимге көшірілді. Дәрігерлер есепте тұрған, бізге хабарласқан тұрғындарға онлайн кеңес беріп жатыр. Әсіресе, жүкті әйелдер, жаңа туған сәбилер ерекше бақылауға алынды», - дейді Нұрбақыт Көпжанов.

Емхана қызметкерлерінен де коронавирус инфекциясына қарсы сынама алынған. Сынама қорытындысы теріс нәтижес көрсетіп, індетті жұқтыру дерегі тіркелмеген. Емхана дәрігерлері жұмыстан босатылмаған.

«Біз сақтық шараларына баса мән береміз. Өйткені, халықтың денсаулығын сақтауға жауапты дәрігерлер де сақтық шараларын сақтауы керек. Мұны тұрғындарға да ұдайы айтып отырамыз. Бұл індет жұқпайды деп алаңсыз жүруге болмайды. Сақтану шараларын қатаң ұстану арқылы ғана қауіпті індеттің таралуын тоқтата аламыз», - дейді дәрігер Нұрбақыт Көпжанов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT