Самбодан Қазақстан чемпионатында үздік команда анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында самбо күресінен ҚР чемпионатында Маңғыстаулық спортшылар командалық есепте көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байрақты бәсеке қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының «Жас Батыр» спорт мектебінің спортшылары тағы да үздік екендіктерін дәлелдеді.

Атап айтсақ, медаль санымен Маңғыстаулықтар командалық есепте топ жарды. Олар:

52 кг салмақта Рахметова Айкүн чемпион;

62 кг салмақта Мамаев Рамазан чемпион;

64 кг салмақта Тұрдан Ақниет чемпион;

74 кг салмақта Қуанышұлы Нұрбек чемпион;

52 кг салмақта Әймбетов Нұрдаулет қола медаль;

56 кг салмақта Нұрғалиқызы Гүлнұр қола медаль;

57 кг салмақта Төлегенов Дәурен қола медаль иеленді.

«Чемпиондар мен жүлдегерлерді және олардың бапкерлері: Берік Жұмағалиев пен Жанболатұлы Айбекті Маңғыстау облысының самбо федерациясының президенті Ақжанов Айдостың атынан, Маңғыстау облыстық спорт басқармасының басшысының міндетін атқарушы Қанат Жұмабаевтың және Маңғыстау облыстық »Жас Батыр« спорт мектебінің атынан шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларың көп болсын! »Елдің атын ер шығарар, Ердің атын ел шығарар« деген осындайға айтылса керек! Алар асу алда! Алға, Қазақстан!», - деп «Жас батыр» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов құттықтауын әлеуметтік желіде жеткізді.

Соңғы жаңалықтар