Самұрық-Қазына COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тапсырмасы және Үкіметтің 2021 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 500 мың адамға вакцина егуге мүмкіндік беретін COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алуды қаржыландырды. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасапсілтеме жасап хабарлайды.

Вакцинаның жеткізілуі қордың ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «СК-Фармация» АҚ арасындағы келісім аясында қамтамасыз етіледі.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда және басымдық мәнге ие. Қор өз қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің вакциналануын максималды түрде қамтуды көздеп отыр.

Компаниялар тобы бойынша екпе салынған қызметкерлер саны 4358 адамды құрап отыр, соның ішінде «ҚМГ» ҰК» АҚ-ның 1400 қызметкері, «Самұрық-Энерго»-ның 1170 қызметкері, «ҚТЖ» АҚ-ның 1021 қызметкері, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ-ның 405 қызметкері және «KEGOC» АҚ-ның 250 қызметкері бар.

«Самұрық-Қазына» АҚ – елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі. Компаниялар тобына 276 мың қызметкер еңбек етіп жүрген 292 кәсіпорын кіріп отыр.

«Самұрық-Қазына» АҚ пандемия басталғалы коронавируспен күрес жүргізуге белсенді атсалысып келеді. 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымқтастық туралы меморандум аясында ең тапшы позицияларды сатып алу және тапсыру жүзеге асырылды, соның ішінде 100 жедел жәрдем көлігі, оттегі концентраттарының 1000 бірлігі, өкпені жасанды желдетудің 50 аппараты, 1000 пульсоксиметр және вирусқа қарсы «Авифавир» препаратының 3000 бумасы (данасы) бар. Дәрігерлер, полицейлер және әлеуметтік қызметкерлер үшін 6 млн қорғаныс маскасы сатып алынды, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау және денсаулық сақтау саласын дамытуға бағтталған шаралар кешені қабылданды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорын басқару кеңесі басшысының тапсырмасы бойынша, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында инфекциялық аурулардың алдын алу және қадағалау бойынша екі емхананың құрылысы жоспарланды.


Соңғы жаңалықтар