Сан-Францискода коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялады

None
None
САН- ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат - Калифорнияның үлкен қалаларының бірі Сан-Францискода короновирустың таралуын алдын алу мақсатында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қала мэрі Лондон Брид өз мәлімдемесінде Сан-Францискода коронавирус жұқтырудың бірде-бір оқиғасы болмаса да, жағдай жылдам өзгеруде және біз сақтық шараларын күшейтуіміз керек деп атап өтті.

АҚШ-та вирус жұқтырған 14 жағдайдың көпшілігі саяхатта болған адамдарда болған. Сондай-ақ, Ухань (Қытай) мен ТокиодағыThe Diamond Princess круиздік лайнерінен эвакуацияланған 39 америкалыққа коронавирус диагнозы қойылған.


Соңғы жаңалықтар