+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Сан-Францисконың бас кітапханасында қазақ әдебиеті бөлімі ашылды

2020 жылғы 21 қараша 16:01
Бөлісіңіз:
Сан-Францисконың бас кітапханасында қазақ әдебиеті бөлімі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту шеңберінде Сан-Франциско қаласының Бас қоғамдық кітапханасында Қазақстан әдебиет мен мәдениетіне арналған бөлім ашылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Бәйдібек ауданындағы ауыл мектебіне 2 «BILIMBook» тақтасы мен 50 компьютер табысталды Минскте әл-Фараби атындағы қазақ сыныбы ашылды Ақмолалық оқушы мен оның бауыры әлемнің үздік балаларының тізіміне енді

Отанымыз туралы материалдар енді АҚШ-тың батыс жағалауындағы жылына 1 миллионнан астам оқырманға қызмет көрсететіп жүрген басты кітапханаларының бірінде кеңірек көлемде ұсынылатын болады. 1878 жылы негізі қаланған бұл кітапхананың қоры бүгінгі таңда 4 миллионнан астам басылымды құрайды.

Кітапханаға тарихи және ғылыми-танымдық әдебиетпен қазақ ақындары, жазушылар мен зерттеушілерінің шығармаларын, атап айтқанда Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Олжас Сүлейменов және тағы басқалардың, туындыларын қамтитын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген шашамен 400-ге жуық кітап табыс етті. Бастама авторларың пікірінше, кітапханада осындай бөлімнің ашылуы және Абай Құнанбайұлы шығармаларының кеңірек таратылуы Америка оқырмандарының қазақ халқының бай мәдениетіне шынайы қызығушылығының өсуіне септігін тигізе алады.

Аталмыш жоба «Отандастар» қорының және Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбайеваның көмегімен, сондай-ақ «Медициналық-инновациялық технологиялар» атты отандық компанияның Байқаушы кеңесінің төрағасы Михаил Гутерманның қаржылай демеуімен Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығы тарапынан ұйымдастырылды.

Американ тарапынан ашылу рәсіміне кітапхана директоры Томас Фортин мен Сан-Франциско қаласы мәриясының өкілдері қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT