Сандықтау ауданында көпқабатты 3 тұрғын үй салынуда

None
None
САНДЫҚТАУ. ҚазАқпарат - Сандықтау ауданының орталығы – Балкашин ауылында 45 пәтерлі және екі 36 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарын мердігер «Қазбалық-Астана» серіктестігі қолға алған.

«Өткен жылы облыстық бюджеттен 31 миллион теңге бөлінді. Оған жер телімін өңдеу және нысанның ірге тасын орнату жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржы толық көлемде игерілді. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 200 миллион теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыстар қызу жүріп жатыр, ғимараттың қабырғалары кірпіштен қалануда», – деді аудан әкімдігі.

Сонымен бірге, Балкашин ауылында тағы екі 36 пәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта іргетастарды монтаждау жұмыстары қолға алынған. Нысандарды қаржыландыру-республикалық және облыстық бюджеттер есебінен жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, жыл басынан бері Сандықтау ауданындағы құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 48,2 миллион теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар