Сарапшы: Елбасының Жапонияға шақырылуы – Тұңғыш Президентке деген зор құрметті білдіреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасының Жапонияға шақырылуы – Тұңғыш Президентке деген зор құрметті көрсетеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың күншығыс еліне сапары туралы ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Ерлан Мәдиев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жапонияның 126-шы императоры Нарухитоның интронизация рәсіміне қатысуға шақыруы біздің мемлекеттеріміз арасындағы қатынастың жоғары мәртебесін ғана емес, сонымен бірге күншығыс елінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне деген құрметін көрсетеді. Әлемнің 130 елінің басшылары қатысқан жаңа императордың таққа отыру рәсімінің жапон халқы үшін маңызы зор. Себебі, жапондар «Рейва» жаңа дәуіріне аяқ басқалы отыр. Жапондар үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау мәселелеріндегі ұстанымы ерекше символдық мәнге ие екені жасырын емес. Жапония ядролық шабуылдың қасіретін бастан кешірген әлемдегі бірден-бір мемлекет ретінде Н.Назарбаевтың бейбіт бастамаларын, әсіресе жаһандық ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларын жоғары бағалайды. Бүгін де біздің еліміз - ядролық қаруды таратпауға елеулі үлес қосқан жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы. Осыны ескере отырып, 2008 жылы бұрынғы император Акихито Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Жапонияның ең жоғары мемлекеттік наградасы - «Ұлы таспадағы Хризантема орденін» тапсырған еді», - деді Ерлан Мадиев.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Жапонияның антиядролық ұстанымы - екі елдің халықаралық аренада тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз ететін маңызды идеологиялық элемент.

«Сонымен, 2015-2017 жылдары Қазақстан мен Жапония ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне ықпал ету үшін 9-шы конференцияның тең төрағасы болды. Екі елді жақындастыратын тағы бір маңызды сала - Корея түбегіндегі денкулизация мәселесі. КХДР-ның ядролық дағдарысты шешудегі бастамалары Токиода толық қолдау мен түсіністікке ие», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар