+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Сарапшы «Спутник V» вакцинасының тиімділігіне қатысты түсінік берді

2021 жылғы 22 сәуір 18:15
Бөлісіңіз:
Сарапшы «Спутник V» вакцинасының  тиімділігіне қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева «Спутник V» вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8% төмендеді Алматылық университет Үндістаннан студенттерді «жасырын» әкелмек болған

«Қазіргі кезде Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасын көптеген адамдар алып жатыр. Екпеден болуы мүмкін жанама әсерін мониторингілеу кезінде және оның тиімділігін зерттеу барысында алынған мәліметтерді ескере отырып, осы вакцинаны енгізу кезінде күрделі жанама реакциялар байқалмады», - деді Ж. Сатыбалдиева вакцина тақырыбына арналған онлайн талқылау барысында.

Осы орайда ғалым Ресейдің Н.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің мәлімдемесін дәлел ретінде келтірді.

«Жақында ғана телеарнадан Александр Гинцбург мәлімдеме жасаған болатын. Онда ол аталған вакцина бойынша ауыр жанама әсерін тіркелмегенін айтты. Соңғы мәліметтер бойынша вакцина тиімділігі туралы 97 пайыз деңгейіндегі көрсеткіш жарияланды. Бұл өз кезегінде өте жоғары көрсеткіш. Ал AstraZeneca вакцинасы 70 пайыз тиімділікті беріп отыр», - деді прфессор.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда вакциналарды тексеруге ерекше мән берілетінін айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT