Сарапшы: Тарифтің өсуі - қалыпты процесс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Алматы» «Магистральдық газ құбыры басқармасы» бірінші орынбасары Александр Толстобров газ тарифін көтеру жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда инфрақұрылымды жетілдірудің басқа көзі жоқ. Егер «ҚазТрансГаз» шетелге газды адам айтқысыз бағамен экспорттай отырып, кіріс алатын болса, онда бүгінгі күні тарату желілерін ұстау бойынша үлкен шығындарды өтеуге болар еді. Өкінішке қарай, газ тасымалдау жүйесі ескіргенін бәріміз білеміз», - деді А. Толстобров.

Сарапшы газ желілерінің әлеуметтік жобалар екенін, оған мемлекет қаражат салуы керектігін атап өтті.

«Бірақ бұл да біздің ақшамыз, сондықтан тағы бір нұсқа – тарифтердің өсуі болып отыр. Газ саласында Қазақстанның азаматтары жұмыс істейді, олар лайықты жалақы алуы тиіс, оған қоса 4-5% мөлшерінде инфляциялық процестер бар. Тарифтің өсуі – әбден қалыпты процесс, ал монополияға қарсы комитет ақшаның мақсаты бойынша инфрақұрылымды ұстауға жұмсалуын қадағалауы керек. Өзіміз де қандай да бір озық әдістерді енгізгіміз келеді, бірақ бәріне ақша керек. Сондықтан, тарифтің көтерілуіне қалыпты қарау керек», - дейді А. Толстобров.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі газдың көтерме сауда бағасы 15%-ға қымбаттауы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Осыған дейін газдың көтерме сауда бағасы 15%-ға қымбаттауы мүмкін екенін жаздық.



Соңғы жаңалықтар