Сарапшы жастардың даму индексін енгізу жайлы: Бұл жұмыс бағалау индикаторына айналады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көптеген елде енгізілген халықаралық тәжірибе жастар саясатының дамуын бағалаудың индикаторы ретінде қызмет атқарады. Жастар ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев Президенттің жастардың даму индексі енгізу ұсынысына қатысты осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі алдында маңызды әрі мағыналы бастамаларды көтерді. Өз басым Мемлекет басшысының Парламенттің алдына нақты міндеттер қойғанына, жастардың даму индексін енгізу туралы сөзіне ерекше назар аударар едім. Бұл көптеген елге енгізіліп жатқан халықаралық тәжірибе. ББұл жұмыс жастар саясатын дамытуда бағалау индикаторы ретінде қызмет етеді», - деп атап өтті сарапшы.

Аян Сакошевтің айтуынша бұл индекс елдің аймақтарының дамуына оң серпін береді. Себебі осы көрсеткіштің көмегімен білім, жұмыспен қамту және басқа да маңызды салалары бойынша қандай жағдай жасалғанын анықтауға болады.

«Жастардың даму индексін енгізу – бұл саланы дамытуға оң серпінін тигізеді. Халықаралық әдістемеге сүйене отырып, бізде жастарды қолдауға арналған қандай жағдайлар жасалғанын көреміз», - деді ол.

Еске сала кетсек бүгін 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жастардың даму индексін енгізу керектігін мәлім еткен еді.



Соңғы жаңалықтар