Сарқанда бес жасар баланың мәйіті қоқыста үш айдан бері жатқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Сарқан ауданында бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш айдан бері жатқан. Бұл жағдай тергеу барысында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір полиция қайтыс болған баланың анасы мен туған нағашы ағасынан жауап алу үстінде.

«Екеуінің айтуы бойынша, баланың мүрдесін қоқысқа 2022 жылдың 11 ақпанында апарып тастаған», - деді деді Сарқан ауданы прокурорының орынбасары Еділ Қорғанбаев.

Яғни, 2017 жылы туған баланың мүрдесі 3 ай бойы қоқыс алаңында жатқан. Куәгерлер баланың денесін тауып алғанда тек қаңқасы қалғанын айтады.

Айта кетейік, бұған дейін куәгер бес жасар баланың мүрдесін қоқыстан қалай тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, кішкентайдың өлі денесі қоқыста қалай пайда болғаны белгілі болды .

Естеріңізге салсақ, 18 мамыр күні Алматы облысы Сарқан ауданында бес жасар баланың мәйіті қоқыстан табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Құзырлы органның ақпаратына сәйкес, бүгін 19 мамыр күні баланың анасы анықталды . Ол - 2002 жылы туған Сарқан қаласының тұрғыны.

Баласын 2017 жылы яғни, 15 жасында дүниеге әкелген. Тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар