«Сары» аймақтағы Атырауда коронавирус жұқтырғандар қалада көбейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Сары» аймақтағы Атырауда коронавирус жұқтырғандар қалада көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте Атырауда 63 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

«Соңғы тәулікте Атырау қаласында 44 адам Covid-19 инфекциясын жұқтырды. Ал, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 4 науқас анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында 5 адам, Индерде – 2, Қызылқоғада – 3, Құрманғазыда – 2, Махабетте – 2, Мақат ауданында 1 адамнан қауіпті вирус табылды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір өңірде үй жағдайында 537 адам емделуге оқшауланған. Модульдік ауруханада – 131, №2 облыстық ауруханада – 102, фтизиопульманологиялық орталықта – 17, аудандық инфекциялық стационарларда 69 адам ем қабылдап жатыр. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 45 пациент емделуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавируспен ауырған 30 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар