Сарыағаш ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жүнісов Сарыағаш ауданында жеке қабылдау өткізді.
Кездесуге келген тұрғындар бірқатар өзекті мәселе бойынша сауалдарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қабылдауға келген азаматтар шалғай елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін салу мен жұмысқа қабылдау тәртібі жөнінде, Самал-3 мөлтек ауданында жаңадан табиғи газ қосылуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы өтініштерін жеткізді. Сондай-ақ, Келес ауданындағы өрт сөндіру мәселелері, Жылға ауылында су басуға жол бермеу бойынша және алдын алу шаралары туралы сұрады.
Азаматтармен кездесуде сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметіндегі ең өзекті мәселелер талқыланды. Азаматтардың шағымдары мен сұрақтарына толығымен әрі нақты жауаптар берілді.
Облыстық ТЖД бастығы тұрғындарға осы салаға қатысты кез-келген мәселелер бойынша аудандық бөлімдерге шағымдануға болатынын атап өтті.
- Түркістанда «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі өтті
- Демалыс күндері жолда қалған 28 адам құтқарылып, 159 жолаушы эвакуацияланды - ТЖК
- Түркістанда әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды
- 19 жастағы елордалық жігіт Сарыағаш шипажайында өз-өзін өлтірмек болды
-
Алматыда тауда құлаған турист құтқарылды
-
Күлтөбе қалашығында матадан тігілген ескі бас киім табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам