Сарыағаш ауданында жарты миллиард теңге бизнеске бағытталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сарыағаш ауданында пандемияның күрделі кезеңіне қарамастан тұрғындардың жұмыспен қамтылуы қарқынды жүзеге асырылған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткен жылы 8 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шарасына қатысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде сарыағаштықтар қысқамерзімді кәсіптік оқытуды аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасқан. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасына білім алуға 2 мыңға жуық азаматқа жолдама беріліп, бастау бизнес жобасы аясында білім алған. 200-ге жуық азамат онлайн оқып, сертификатқа қол жеткізген. 100-ден астам сарыағаштық 513 мың теңгеден шағын несие алса, 9 азамат жаңа жұмыс орнын ашқан.

Ж аңа бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін 847 азаматқа 470 млн теңге мемлекеттік грант бөлінген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Сарыағаш ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасқан 186 адамның тең жартысы жұмыспен қамту орталығы арқылы келген.

Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 200 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 420 азаматты жастар практикасына жолданған. 1200 азамат қоғамдық жұмысқа жолдау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 200 азаматқа мемлекеттік грант берілмек.


Соңғы жаңалықтар