Сарыағашта «Көк төбе» бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы ашылды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Көк төбе» бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы ашылды. Дербісек ауылдық округінен ашылған орталық науқастарға заман талабына сай қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нысанның ашылу салтанатына арнайы келген облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Егізбаев жаңа нысанның лентасын қиып, ақ халатты абзал жандардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудан әкімі М.Отаршиев, облыстық мәслихаттың депутаты А.Салимов, ауыл ақсақалы Б.Нұрбеков та көпшілікке өзінің жүрек жарды ізгі тілектерін жеткізді.

Құрылысты жүргізген «Arkua group» ЖШС басшысы Б.Әбішев орталық меңгерушісі Б. Есенбековаға ғимараттың кілтін табыстап, нысанды ресми түрде пайдалануға берді.

Айта кетейік, мекеме заман талабына сай медициналық құралдармен жабдықталған. Мұнда акушер-гинеколог, усчаскелік дәрігерлер, невропатолог, кардиолог, лор, инфекционист, хирург, травматолог, окулист, мейірбике, кіші қызметкерлер және УЗИ-диагностика дәрігері медициналық қызмет көрсетеді. Сонымен қатар аудан тұрғындарына қызмет көрсетіп отырған аудандық орталық ауруханасының ғимаратында «жарақат бекеті» және «қабылдау бөлімі» заман талабына сай салынып, ауруханаға келушілерге жылдам көмек көрсету мақсатында ескі лифтілер жаңартылды.

Соңғы жаңалықтар