Сарыағашта су таситын көлік 18 жастағы қызды қағып кетті

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Сарыағаш қаласында су тасымалдайтын ауыр жүк көлігі 18 жастағы қызды қағып кетті. Жаяу жүргінші дене жарақатынан жантәсілім етті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы оқиға 24 ақпанда болған. Алғашқыда жараланған қыз Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

«Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Сондай-ақ сот наркологиялық сараптама кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішпегені анықталған» делінген хабарламада.

Аталған оқиға негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, процессуалдық шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар