Сарыағаштағы пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Сарыағаштағы пайдаланылмай жатқан 765,98 га жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы ҚазАқпара әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 765,98 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі болып, мемлекетке қайтарылды. Алдағы уақытта басқа да игерілмей жатқан жерлерді анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Жалпы, ауданда ағымдағы жылы I-тоқсанда жергілікті бюджетке жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсатта жеке меншікке сатудан 42 146,5 мың теңге және жер телімдерін уақытша жалға беруден түсетін түсімдер бойынша 3674,6 мың теңге түсіп, меже артығымен орындалды.


Соңғы жаңалықтар