Сарыарқа магистральді газ құбыры нақты қашан іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, 31 желтоқсанға қарай жылдың бас жобасы – Сарыарқа магистральді құбырын салтанатты түрде іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық газ экспортының өсуі және транзитті ұлғайту еліміздің өңірлерін газдандыру жобаларын қаржыландыруға және халық үшін газ бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Биыл өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, газ инфрақұрылымын салу бойынша шамамен 73 жоба іске асты. Еліміз бойынша газдандыру деңгейі 50 пайыздан асады. Биыл 31 желтоқсанға қарай Энергетика министрлігі жылдың бас жобасы – Сарыарқа магистральді құбырын салтанатты түрде іске қосуды жоспарлап отыр», - деді Әсет Мағауов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 5 автоматтандырылған газ тарату стансасы, газ өлшеу стансасы және басқару пункті бар газ құбыры пайдалануға беріледі.

«Қарағанды облысында 2020 жылғы қаңтар айында алғашқы тұтынушылар газға қосылады. Атап айтсам, Жезқазған қаласы Талап кентіндегі 8 көшеде - 148 тұрғын үй және Пристанционный кентіндегі 2 көшедегі (Балқаш және Темір жол көшелері) – 100 үй, Теміртау қаласының С.Разин көшесіндегі 100 үйге, Қарағанды қаласындағы Бадин, Олимпийская, Заводская көшелеріндегі 150 үйге газ беріледі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар