Сәтбаевта бес жасар қызды зорлау оқиғасы: Сотталғандар жазасын жеңілдетуді сұрап отыр

None
СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлады деген айыппен сотталғандар сот шешімін өзгертуді сұрап, аппеляциялық шағым түсірді. Ерлі-зайыптылар үкімді жеңілдетуін өтінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облыстық сотына Сәтбаевта бес жасар қыз баланы қорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылардан үкімді жеңілдету туралы аппеляциялық шағымдар келіп түсті.

«Сотталғандар аппеляцияға берді. Алайда сот жабық процесті қарау сатысында түсініктеме бере алмайды», - деп түсіндірді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға Сәтбаев тұрғындарының наразылығын тудырып, елді дүрліктірген болатын.

Оқиға 23 шілдеде болды. Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің 5 жасар қызы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің барлық құрамы мен волонтерлер іздеу шараларының нәтижесінде 5 жасар бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды.

Аталмыш іс бойынша 58 жастағы ер адамға күдік келтіріліп, ол ұсталған болатын.

2020 жылдың 6 қазаны күні Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жас қызды зорлағаны үшін тұтқындалған күдіктінің денесі табылды . Ол өзіне қол салғаны белгілі болды.

Ал қалған екі күдіктіге қатысты биылғы жылдың маусымында сот үкімі шыққан болатын.

«П-ның әрекетін ауырлататын жағдай – қылмысты мас күйде жасау. Жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Баяндалғанды ескере отырып, оған жазаны қауіпсіздігі төтенше мекемеде өтеу, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте, мерзімнің алғашқы 5 жылы толық қауіпсіздік мекемесінде өтелуі керек», - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметінен.

Екінші айыпталушыға келетін болсақ, заң әйелдерге өмір бойына бас бостандығынан айыруды тағайындауға тыйым салады (ҚК-нің 46-бабы). Сондықтан сотталушы П.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған өмір бойына педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқаруға тыйым салынды.



Соңғы жаңалықтар