Сауда министрі қант тапшы деп елді дүрліктірмеуді өтінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қант жекелеген дүкендерде уақытша болмауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сөздерді контекстен жұлып алып, елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Мен өз блогымда «Шапағат» базарында қанттың болмауы туралы нақты сұраққа жауап бергенмін. Жеке дүкендерде, базарларда логистиканың өзгеруіне байланысты уақытша қант болмауы мүмкін. Қант өндірісінің, импортының және тұтынудың балансы бойынша бізде еш тапшылық жоқ», - деді Бақыт Сұлтанов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, министр қанттың орташа бағасы 432 теңге деңгейінде екенін айтты.

Оның айтуынша, қант бағасының өзгеруінің негізгі себебі – жеткізу логистикасына байланысты.

Сондай-ақ, кеше Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев Қазақстанда қант тапшылығы жоқ екенін, қант қоры жеткілікті мөлшерде бар екенін хабарлаған еді.


Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар