Сауда министрі нарықты азық-түлікпен толықтыру қадамын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауда саласындағы барша құрылымдық өзгерістердің басты мақсатын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нарықты жүйелі түрде өніммен толықтыруға жоғары сұраныстағы тауарлар өндірісі мен қайта өңдеуді ынталандыру іс-шаралары ықпал етеді. Бұл өз кезегінде салалық меморганның мақсаты. Осы міндет Жол картасында көрсетілген. Сауда саласында жүргізіліп жатқан құрылымдық өзгерістердің басты мақсаты – еркін бәсекелестікті, тауардың кедергісіз тасымалын, сауда ағындарының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Әсіресе, азық-түлік өнімдеріне екпін қойылған жөн», - - деді Б. Сұлтанов онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде.

Осы орайда ол бұл бағытта тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы жүктегенін еске салды.

«Барша жүйені ретке келтіру нарық ойыншылары арасындағы кемшіліктерді жоюға ықпал етеді және әділ баға қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрілігінің басты мақсатын атады.



Соңғы жаңалықтар