Сәуірден бастап қазақстандықтар кез келген өңірде зейнетақыға өтініш бере алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1 сәуірінен қазақстандықтар кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш бере алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызмет алушыларға ыңғайлы болу мақсатында біз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініштерді эксаумақтық қабылдау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл принцип азаматтардың тіркелген жерінен ғана емес, басқа өңірлердегі кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш бере алады. Осылайша, қызметтерді кезең-кезеңмен эксаумақтық принципке ауыстыруды осы жылғы 1 сәуірден бастап іске қосу жоспарланған», – деді Ербол Оспанов орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар