+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Сауран ауданының алғашқы әкімі тағайындалды

2021 жылғы 22 сәуір 16:31
Бөлісіңіз:
Сауран ауданының алғашқы әкімі тағайындалды

САУРАН. ҚазАқпарат - Ғани Рысбеков жаңадан құрылған Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы келді Алматы қалалық мобильділік басқармасына жаңа басшы келді Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды.

«Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, осылайша, Елбасы қабылдаған стратегиялық шешім күллі түркі жұртының рухани астанасы болған Түркістанның қайта түлеуіне үлкен серпініс берді. Ағымдағы жылғы 12 наурыздағы Жарлығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталығы Шорнақ ауылында орналасқан, құрамына 12 ауыл округі енгізілген Сауран ауданы құрылған болатын. Басты мақсат – аудан халқына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасау. Ауыл, елді мекендерімізді жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті аумаққа айналдыру. Жаңадан тағайындалған аудан басшысына депутататтармен және аудан активімен бірлесіп, осы міндеттерді шешуді тапсырамын», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Түркістан облысының әкімі жаңа ауданның алғашқы әкіміне басты назар аударатын бірқатар мәселелерге тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, жаңадан аудандық құрылым бөлімдерін құруды, сәулеті заманауи талаптарға сай аудан орталығының құрылыс жұмыстарын бастап, қарқынды жүргізуді, жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, аудандағы инфрақұрылымды дамытуды міндеттеді.

Ғани Рысбеков өзіне сенім артқан барша азаматтарға алғыс айтып, жаңадан құрылған Сауран ауданының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Ғ.Қ. Рысбеков 1962 жыл 8 сәуірде Түркістан қаласында туылған. Қазақ, білімі жоғары. 1986 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы, 2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Түркістан қаласында Чапаев атындағы колхозда жұмысшы болып бастаған. 1980-2015 жылдар аралығында Түлкібас жеміс-жидек зауытының жұмысшысы, Целиноград облысы Балхаш ауданы Веселовский совхозының аға агрономы, Түркістан ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, меңгерушісі, Түркістан қаласы жастар ісі спорт және туризм басқармасының бастығы, Түркістан қаласы әкімдігінің шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болған. 2019 жылдан бері Кентау қаласының әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Шорнақ ауылы Түркістан қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде мұнда 12 мың халық тұрады. Жаңадан құрылған аудан халқының саны 100 мыңнан асады деп жоспарлануда. Ауданның жалпы көлемі 12 ауылдық округ пен әкімшілік орталығын қоса алғанда 650 мың гектар жерді құрайды. Ведомство ұлт руханиятында киелі ұғымға айналған «Сауран» атауының Түркістан облысында құрылған жаңа ауданға берілуі негізді екенін атап өтті. Себебі бұл атау ежелгі Түркістан ұғымымен тығыз байланысты. Жалпы Сауран – XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған қала. Шаһар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. XIII ғасырдың орта шегінде Ақ Орданың астанасы болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT