Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бағытындағы жұмыстарға қанша қаражат жұмсалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бағытында ұйымдастырылатын жұмыстарға қанша қаражат бағытталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республика дейгейінде биылға 250 млн теңге жоспарланған. Бұл тек орталық органдар деңгейінде. Бұған қоса, атқарылатын жұмыс көлеміне қарай өңірлердегі әкімдерге нақты тапсырма берілді. Яғни барша комиссия мүшелері мен өңірлік комиссияның жұмысы үшін қажетті қаржылық ресурстармен және материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету ескерілген», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы бұл қаражат қандай жұмыстарға бағытталатынын түсіндірді.

«Бұл тұрғыда ғалымдарға, мамандарға және сарапшыларға жалақы төленеді. Себебі олар қосымша жүктеме алып жұмыс істейді. Ғалымдар уақытша негізгі жұмысынан босатылып, архивтерде және басқа да мекемелерде зерттеу жүргізеді. Сондықтан негізгі қор – ол жалақы», - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссияның міндеттерін атады.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бағытында жұмыс істейтін ғалымдар бекітілгенін айтты.



Соңғы жаңалықтар