Саят Медеуов ауылға жұмыс істеуге барды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов Сарыөзек ауылына жұмыс істеуге келді. Бүгіннен бастап ол Кербұлақ ауданындағы «Күреңбел» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіби әншінің жаңа қызметі туралы Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев Facebook-тегі парақшасында сүйіншілеп жазды.

Аудан басшысы: «Бүгін Кербұлақ ауданының мәдениет саласында қуанышты күн болды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сахна саңлағы Саят Медеуов ауданымызда құрылған «Күреңбел» фольклорлық-энтографиялық ән-би ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды. Саят Қабылұлының өнердегі және өмірдегі жинаған іс-тәжірибесі ауданымыздың өнерпаздарының кәсіби деңгейінің өсуіне зор ықпал тигізеді деген сенімдемін! Саят Қабылұлына іске сәт дегім келеді», деп жазған.





Соңғы жаңалықтар