Сайлау-2019: 71 мыңнан астам бюллетень жарамсыз деп танылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 71 мыңнан астам бюллетень жарамсыз деп танылды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылыдң 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытынды деректерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауға қатысқан сайлаушылардың жалып саны 11 960 364 адам. Сайлау бюллетеніне 7 кандидат енгізілді. Республика бойынша алынған бюллетеньдердің саны - 12 067 475. Сайлау бюллетеньдерін алған сайлаушылардың саны 9 274 466 немесе сайлаушылардың жалпы санының 77,5 пайызы. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны - 9 274 034», -деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында.

ҚР ОСК мүшесінің дерегінше, оның ішінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны 22 427 немесе барлық сайлаушылардың 0,19 пайызын құрайды.

«Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны 105 612 немесе сайлаушылардың 0,88 пайызы. Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны 71 624 немесе барлық бюллетеньдердің 0,59 пайызы. Жойылған бюллетеньдердің саны 793 010», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар