Сайлау-2021: Алматы облысында соғыс ардагері Гаврил Моисеев сайлауда дауыс берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында соғыс ардагері Гаврил Моисеев сайлауда дауыс берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гаврил Моисеев - Ақсу ауданындағы жалғыз Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен қария ел үшін маңызды істен шет қалмады. Қапал ауылының тұрғынының үйіне арнайы құрылған комиссия мүшелері барды. Гаврил Степанович тұрғылықты мекенжайы бойынша үйінен дауыс берді.

«Сайлау бұл ел үшін аса маңызды шара. Жасы мен жасамысы мұндай жауапты сәтте қалыс қалмауы керек. Әсіресе жастар мемлекетке қатысты саяси науқанда қол қусырып қарап отырмауы тиіс. Елдің гүлденуі халыққа байланысты. Егер республиканың тұрғындары тым белсенді болса барлығы оң шешімін табады», - деді ҰОС ардагері Гаврил Моисеев.

Айта кетейік, Аудандық сайлау комиссиясына үйден дауыс беруге 86 өтініш келіп түскен. Жалпы алғанда осы уақытқа дейін аудан көлемінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихаты депутаттарын сайлауға 24609 адам дауыс беріп үлгерді. Естеріңізге саламыз Ақсу ауданында 43 сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда.

Жалпы Алматы облысы бойынша дауыс берушілердің саны 1 млн 400 мыңнан асады. Олар үшін 1058 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Сағат 16.00-де Алматы облысы бойынша сайлаушылардың келуі 58% - ды құрады.


Соңғы жаңалықтар