Сайлау-2021: Қызылордада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 30 инватакси қызмет көрсетуде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бүгінгі сайлау барысында жарамсыз бюллетеньдер әзірге тіркелген жоқ. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге сайлаушы бюллетеньді бүлдіріп алған жағдай тіркелген жоқ. Егер байқаусызда бюллетень бүлінсе, сол учаскеде акт толтырылады. Ол жарамсыз болып саналады», - деді Ғ. Баймырзаев.

Жалпы, облыста сайлаушылардың саны – 492 198. Бұл аймақ халқының 60,7 пайызы. Өңірде 376 сайлау учаскесі бар. Сайлау комиссиясының 2821 мүшесі қызмет көрсетуде. Оның 1128-і арнайы оқу курстарынан өткен болатын.

Аймақта 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Олардың учаскеге келіп, өз таңдауын жасауы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, қарт кісілер және науқастығы бар азаматтар үшін тасымалданатын жәшіктер дайындалған.


Соңғы жаңалықтар