Щучье қаласында заманауи спорт сарайы салынады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Щучье қаласында заманауи спорт сарайы салынады. Жеке инвестициялар есебінен тұрғызылатын «Шидай» спорт кешенін 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылы Щучье қаласында Спорт сарайының құрылысы басталады. Қазіргі кезде жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, байқау рәсімдері өткізілді. Спорт кешені пайдалануға берілген кезде 200-ден астам бала жекпе-жек түрлерімен айналысатын болады», - деп атап өтті Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Аудан әкімінің айтуынша, жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны артып келеді. Мәдени бос уақытты ұйымдастыру үшін 34 кітапхана, 9 клуб мекемесі жұмыс істейді. Халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде.


Соңғы жаңалықтар