Щучьелік шаңғышы Шығыс Еуропа кубогы жарысында үшінші орын алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Щучьелік спортшы Константин Борцов шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа кубогының құрлықтық жарысында үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Щучьедегі шаңғы спортынан ұлттық орталықта шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа кубогының құрлықтық жарысы өтті.

«10 шақырым қашықтыққа классикалық әдіс бойынша жекелей жарыста әйелдер арасында беларусь қызы Анастасия Кирилова топ жарса, одан кейінгі екінші және үшінші орындарды ресейлік Дарья Рагозина мен Наталья Баракина өзара бөлісті.

Ерлер арасында Ресей шаңғышысы Ермил Вокуев мәре сызығына бірінші келді. Оның жерлесі Андрей Парфенов екінші нәтиже көрсетті. Ал, отандасымыз Константин Борцов үшінші жетті»,- дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Соңғы жаңалықтар