+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Семей қаласының әуежайына Абай есімі беріледі

2019 жылғы 8 қараша 14:42
Бөлісіңіз:
Семей қаласының әуежайына Абай есімі беріледі

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қаласының ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Орал әуежайы ғимаратының құрылысы жарты жылға созылуы мүмкін Семейлік  оқушылар домбырашы робот құрастырды Әл-Фараби мен Абайдың тойын, Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге қанша қаржы бөлінді

«Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді», делінген хабарламада.

Қаладағы № 49 мектеп те ақын атымен аталады. Ал Өскемендегі гуманитарлық колледжге Абай есімі берілуі мүмкін.

Келесі жылы еліміз Абайдың 175 жылдығын тойлайды.

Айтулы мерейтойға орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» деген үлкен орталық салынады. Қала әкімшілігі өз есебінен Абай көшесінің бойында ұлы ақынға үлкен ескерткіш орнататын болады.

Семей қаласындағы оқу орындарына көрнекті тұлғалардың аттары берілетін болды. № 2 орта мектеп - Қаныш Сәтбаев, №3 мектеп-кешен – Мұхтар Әуезов, №34 мектеп Бауыржан Момышұлы, №37 мектеп-гимназия - Ыбырай Алтынсарин, №39 мектеп - Әлихан Бөкейхан, №47 мектеп- Ахмет Байтұрсынов, Пригород орта мектебі - Жүсіпбек Аймауытовтың атымен аталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT