+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

«Семей-Қайнар» тасжолы келер жылы толықтай жөнделеді - ШҚО

2021 жылғы 20 ақпан 00:54
Бөлісіңіз:
«Семей-Қайнар» тасжолы келер жылы толықтай жөнделеді - ШҚО

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен бұрынғы Абыралы ауданының орталығы Қайнар ауылында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Германиялық компания Жамбыл облысында құны 810 млрд теңге болатын комбинат салып жатыр Елорда: Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет жол белгілеріне сары түс қолданылды

Бұл жайлы аймақ басшысы Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Өңірдегі барлық бұрынғы аудан орталықтарын дамытуға бағытталған кешенді жоспар әзірленуде. Өкінішке қарай, бүгінде Қайнар тұрғындары мемлекеттік органдардан қарапайым анықтама алу үшін Семейге баруға мәжбүр. Себебі, ауылда 26 қызметтің тек 16 түрі көрсетіледі. Сондықтан бүгін қала әкімі Нұрымбет Сақтағановқа мәселені шешіп, тез арада ұсыныс енгізуді тапсырдым», - деді ол.

Оның айтуынша, ауылдағы мектепке, мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осы мақсатта тиісті қаражат бөлінеді.

«Мәселен, мектептегі спорт залдың терезесі мен еденін толық ауыстырып, ғимараттың шатыры мен қасбетін жаңарту керек. Директордың айтуынша, маман тапшылығы жоқ. Биыл интернет желісі тартылып, ІТ, робот техникасы сыныптары толық жұмыс істеп тұр. Алайда білім сапасына қатысты сұрақтар бар. Бүгінде облыс бойынша ҰБТ балы орта есеппен 85-ті құраса, мұнда 75. Білім басқармасы мәселені бақылауға алуы тиіс. Сондай-ақ Қараөлең ауылдық округінің 2500 тұрғынына қызмет ететін аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп. Дәрі сақталатын қарапайым жиһаздың есігі сынып жатыр. Өкініштісі, мейірбикелер оны жасырып әлек. Науқастар жататын бөлмелерде су жоқ, есіктерінің тұтқасы түсіп, әрең ашылып, жабылады», - деді Даниал Ахметов.

Осы ретте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтарды алуға қаражат бөлінбек. Ескіріп кеткен ультра-дыбыстық зерттеу құрылғысы тез арада жаңартылады.

«Сонымен қатар Қайнарға дәрігерлерді тарту мақсатында мамандарға арналған баспана саламыз. Ауыл көшелері толық жөндеуден өтеді. Ал «Семей-Қайнар» тасжолы келер жылы толық жөнделіп бітеді. Мәдениет үйінде орналасқан кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, ғимарат іші суық. Байқағаным, аурухана мен мектеп іші де салқын. Ал ауыл әкімдігі болса, резервте тұрған қазандықты іске қосуға асығар емес. Көмір мен қаржы тапшылығы жоқ. Тек сапалы жұмыс атқаруға ынта байқалмайды. Бұл мәселе де биыл шешімін табады», - деді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT