Семей көшелерін елік кезіп жүрген

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей тұрғындары көше кезген елікке тамақ беріп, жылы жерге орналастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметіне сүйенсек, Юбилейная көшесінің тұрғындары хабарласып, еліктің көше кезіп жүргенін айтқан.

«Белгілі болғандай, тұрғын үйлер ауласына елік кіріп кеткен. Оқиға орнына мамандар жеткенше тұрғындар жабайы аңды жылы жерге орналастырып, тамақ берді. Ветеринар елікті тексеріп шықты. Түз тағысынан ешқандай жарақаттар мен жұқпалы аурулар анықталған жоқ», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта елік қайтадан орманға жіберілген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да сілеусін атқан екі ер адамның ұсталғандығы хабарланған болатын. болатын.


Соңғы жаңалықтар