Семей мектептері онлайн оқытуға дайындалуда

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы мектептер онлайн оқытуға дайындық үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«46 мың бала, мұғалімдер мен ата-аналар онлайн оқыту форматына көшуге дайындалуда. Ата-аналармен интернет мәселесі шешіліп жатыр. Оқушылардың үйінде компьютерлік техниканың бар-жоқтығы, интернетке қолжетімділік сынды сұрақтар қарастырылуда. Мұғалімдер оқу материалдарын әзірлеуде», - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Қазіргі уақытта мектептерде қашықтан оқытуға көшу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтар дайындалуда. Сабақ кестелері де құрастырылып жатыр.

«Қала мектептері онлайн білім беруге көшуге әзір. Бірақ қашықтан оқыту мектептер үшін жаңа құбылыс. Десе де, туындаған барлық мәселелер тез арада шешімін табады деген үміттеміз», - дейді жауапты тұлға.

Соңғы жаңалықтар