Семей тұрғыны 5 млн теңгелік мотоциклді ұрлап кетті
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына хабарласқан азамат маусымның 19-нан 20-на қараған түні шағын автобусына белгісіз біреулердің кіріп соның ішінде тұрған спорттық мотоциклді, комуфляжды, шлемді, қолғап пен көзілдірікті жымқырып кеткенін айтты. Осының салдарынан жәбірленушіге 5 000 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында 22 жастағы жұмыссыз ер адам ұсталды. Бұрын сотты болған ол өз кінәсін мойындап отыр. Ұрланған дүние-мүлік иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, қала тұрғынының бұдан басқа көліктегі заттарды ұрлауға қатысты тағы да 4 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталған.