Семей тұрғынынан мылтық, карабин мен оқ-дәрі тәркіленді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында тәртіп сақшылары ер адамнан мылтық, карабин мен оқ-дәріні тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлерге ЖШС-лардың біріндегі қызметкердің атыс қаруын заңсыз сақтап жүргені туралы хабар түскен.

«Шуақ кентіндегі жеке тұрғын үй маңайында орналасқан контейнерді тінту барысында Семей қаласының 35 жастағы тұрғынынан зауыттық тәсілмен дайындалған және атуға жарамды 5,6 калибрлі карабин тәркіленді. Сондай-ақ 12 мм тегіс ұңғылы мылтық пен 2 дана оқ-дәрі табылған. Бұл қару зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Белгілі болғандай, қару-жарақтар ұсталған ер адамға тиесілі емес. Тәркіленген заттар «Қылмыстық қару» және «Тіркелген қару» базалары бойынша тексерілді.

Нәтижесінде, қару-жарақтың есепте жоқ екені анықталған.

Күдіктінің айтуынша, карабин оған 2007 жылы қайтыс болған марқұм атасынан қалған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар