Семей - Үржар бағытындағы АН-2 ұшағы өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үржар әуежайына келіп қонған АН-2 ұшағынан өрт шықты. Бұл ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін сағат 15:31-де қонғаннан кейін «Тараз Жаңа Әлем» жеке әуе компаниясының АН-2 ұшағы тұтанды. Әуе кемесі Семей - Үржар бағыты бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындады. Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт ұшақ жерге қонғаннан кейін болған, әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады.


Соңғы жаңалықтар