USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Семейде 1100 орындық төрт балабақша салынады

2021 жылғы 24 қараша 20:35
Бөлісіңіз:
Семейде 1100 орындық төрт балабақша салынады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 1100 орындық төрт балабақша бой көтермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда заңсыз салынған гараждар сүріледі Нұр-Сұлтанда 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешілді Қостанайда құрылыс жұмысын ұзаққа созған ЖШС директоры үш жылға сотталды

Бұл туралы шаһар әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев қалалық Ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.

«Білім беру нысандарын салу және қаланы абаттандыру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде Би Боранбай көшесінде тротуарларды жайластыру, Восход кентінде спорт алаңын салу жұмыстары бар. Келесі жылы 33,5 млн теңгеге төрт жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Шығыс кенті, РСУ-1 және Шугаев көшелері бойында 3 балалар және бір спорт алаңының құрылысы қолға алынады», - деді ол.

Семейді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында келесі жылы Степной және Шығыс кенттерінде 300 және 1200 орындық екі жаңа мектеп ашылмақ. Сондай-ақ алдағы уақытта қалада 2400 орындық үш мектеп, 1100 орындық төрт балабақша салу жоспарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT