Семейде 18 мектеп карантинге жабылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында тағы 5 мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда шаһар бойынша 18 мектеп карантинге жабық тұр. Атап айтқанда, №7, 10, 11, 17, 18, 19.22, 28, 30, 32, 33, 35, 37.38, 40, 43, 49 және Аймауытов атындағы орта мектеп.

«Статистика көрсеткендей, көбіне мектептегі 4-6 сынып аралығындағы оқушылар коронавирус жұқтырып жатыр. Осыдан екі күн бұрын 13 мектепте карантин енгізілсе, қазір тағы 5 білім ордасында карантин жарияланды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданы «қызыл» аймаққа енген. Бұған дейін ондағы мектептердің қашықтан оқу форматына көшуі мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар