Семейде 25 жастағы жігіт із-түзсіз кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 25 жастағы жігіт жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аltaynews-ке сілтеме жасап.

Жасарал Қасымов Шүлбіден Семейге жұмыс бабымен келіп, із-түзсіз жоғалып кеткен. Әзірше 25 жастағы жігіттің қайда екені белгісіз.

Ерекше белгілері: бойы - 185 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара. Жоғалған күні үстінде қою көк күртеше, қара шалбар болған.

Жасаралды көрген-білгендер болса, 102 немесе 8 747 349 57 17 нөміріне хабарласуына болады.

Соңғы жаңалықтар