Семейде 66 жастағы қартты өрттен құтқарған азамат министрдің Алғыс хатымен марапатталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен көршісін өрттен құтқарған Серік Қадыржанов Алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласында 1 мамырда өрт шықты. Пищевиков көшесінің бойындағы моншасымен бірге орналасқан жер үй өртенді.

Өрт сөндірушілер 15 шаршы метр алаңды шарпыған өртті сөндірді. Бұл жұмысқа 4 техника мен 16 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрттің себебі электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаумен байланысты болды.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін Серік Қадыржанов жанып жатқан үй-жайдан 66 жастағы тұрғынды алып шықты. Жедел жәрдем дәрігерлері оны ауруханаға жеткізіп, медициналық көмек көрсетіп, үйіне жіберді.


Соңғы жаңалықтар