Семейде ауыл шаруашылығын қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінген

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында ауыл шаруашылығын қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы баспасөз конференция барысында қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев мәлімдеді.

«Жыл басынан бері жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 17,5 млрд теңгені құрады. Құны 7,66 млрд теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылды. Атап айтқанда, суару жүйелерінің және өсімдік майларын өндіретін май зауытының құрылысы іске асырылды. Биыл Семей бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 15720 гектарды құрады. Бүгінгі таңда дәнді дақылдар мен бақша дақылдары толық жиналды. Жалпы 3000 гектардан астам картоп, 1500 гектардан астам көкөніс жиналған», - деді ол.

Нұрлан Шақабаевтың айтуынша, Семейді дамытудың 2021-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Алғабас ауылдық округінде 1000 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар тұрғындардан сүт жинау жұмыстары жалғасуда. Биыл халықтан 1210,9 тонна сүт сатып алынған. Бүгінде сүт өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі 60%-ды құрайды», - дейді бөлім басшысы.


Соңғы жаңалықтар