Семейде ажырасқандар саны артты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында өткен жылы ажырасқандар саны біршама өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей қаласындағы ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында сот өкілдері өткен жылды қорытындылады. Қалалық сот төрағасы Нұржан Әбдікәрімовтің айтуынша, өткен жылы некені бұзу туралы арыз жазғандардың саны 20%-ға артқан.

«Былтыр 2167 отбасы ажырасуға бел байласа, 2018 жылы бұл көрсеткіш 1744-ді құраған. Осыған орай біз АХАЖ бөлімінде білікті психологтар мен заңгерлер жұмыс істейтін жас отбасыларды қолдау кабинетін аштық. Сондай-ақ былтыр әкімдікпен бірлесіп, Абай кітапханасында татуласу орталығы құрылды. Онда тұрғындар заңгер, нотариус және отбасылық психологтың кеңесін ала алады» - дейді ол.


Оның айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық соттың бастамасымен еңбек дауларының алдын алу мақсатында пилоттық жоба енгізілген.

«Семей қаласындағы бірқатар кәсіпорын жұмысшылары әлі күнге дейін жалақыларын ала алмай отыр. Осындай істерді нотариус қарайды. Бірақ егер нотариус істен бас тартса, онда ол сотқа жеткізіледі. Бұл істер еңбек инспекторының, кәсіподақтардың және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен қаралады», - дейді Нұржан Әбдікәрімов.

Соңғы жаңалықтар