Семейде биыл табысы артқан 400 отбасыға АӘК төлеу тоқтатылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жыл басынан бері табысы артқан 400 отбасыға АӘК төлеу тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда қалада 2 708 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып келеді. Жыл басынан бері отбасының жиынтық табысының артуына байланысты 401 отбасына төлем уақытша тоқтатылды. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында Семей қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев мәлімдеді.

«Былтырдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін азық-түлік жиынтығы және тұрмыстық химия тауарлары түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілген. 27 мыңнан астам пакет 1 953 отбасына берілді. Оқу кезеңінде мектеп жасындағы 3 846 бала тегін тамақпен қамтылып, жолақыларына жеңілдік жасалды», - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдаудың негізгі бағыттарының бірі – баспанамен қамту. Осы ретте, 764 отбасына үй алу үшін алғашқы жарна ретінде қаржылай көмек көрсетілген.


Соңғы жаңалықтар