-
ОНЛАЙН:
Семейде екі автобус екі жасөспірімді қағып кеткен

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде екі автобус кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Абай көшесі бойымен келе жатқан бағдарлық автобустың 55 жастағы жүргізушісі Қайым Мұхамедханов көшесіне қарай бет алған. Алайда жүргізуші қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығын таңдамай, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан ол дене жарақатын алған. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады.
Дәл сол күні тағы бір бағдарлық автобус Глинка көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Қыз жолдың жүру бөлігінен солдан оңға қарай, қозғалыс барысында өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды», – деп түсіндірді қалалық полиция басқармасында.
Фото: «АҚО» ҚБ
- Екібастұзда жолаушылар вагоны жанып кетті
- Қазақстаның екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді
- Атырауда көлікке құятын газ тапшылығы туындады
- Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
-
СҚО су қоймаларында су деңгейі көтеріліп, тасқын қаупі күшейді
-
Алматыда жыл басынан бері 150-ге жуық өрт тіркелген
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам