Семейде ірі кәсіпорындарда вакцинация пунктері ашылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 10 мыңға жуық адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың 1 ақпанынан бастап елімізде COVID-19 инфекциясына қарсы ерікті вакцинация басталған болатын. Бүгінгі таңда Семей тұрғындары арасында екпе салдырып жатқандар аз емес. Бұл жайлы онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында шаһар әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев мәлім етті.

«Қала бойынша 10 мыңға жуық адам ресейлік «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алды. Ертең ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес, вакцинаның кезекті дозасының жеткізілуін күтіп отырмыз. Вакцина алғысы келген азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға немесе Egov порталы арқылы өтініш беру арқылы тіркеле алады. Қауіпті дертті жеңудің негізгі амалы – вакцина екенін қаперде ұстайық», – деді ол.

Айдар Садырбаевтың айтуынша, Семейде вакцинация пунктері емханалар мен ірі кәсіпорындарда жұмыс істеп тұр.


Соңғы жаңалықтар