Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 29 адам эвакуацияланды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 29 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 сәуір күні сағат 13.34-те Физкультурная көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Анықталғандай, от пәтерлердің біріндегі балконда шыққан.

«Оқиға орнына құтқарушылар жеткен кезде тілсіз жау 7-ден 8-ші қабаттың балконына тарай бастады. Өрт сөндіру барысында 29 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Сағат 14.12-де қызыл жалын толықтай ауыздықталған», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өртпен күреске 7 техника мен жеке құрамнан 26 адам жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде отты абайсыз пайдалану немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болуы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар