Семейде көше кезген елік ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көше кезіп жүрген елік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала тұрғындары елікті 23-інен 24 ақпанға қараған түні байқап қалыпты. Жабайы аң адамдардан қорқып, қашып кеткен. Алайда жанашырлық танытқан жандар көп ұзамай елікті ұстап алған.

«Бүгінде түз тағысы Семейдегі биологиялық орталыққа жеткізілді. Еліктің жағдайы тексеріліп, ешқандай жарақат анықталмаса, ол қайтадан табиғи мекеніне жіберіледі», - дейді орталық мамандары.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтандағы ЭКСПО жақта шауып жүрген елік видеоға түсіп қалған болатын. Кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жабайы аңның ұсталғанын айтқан.


Соңғы жаңалықтар