Семейде құтқарушылар өртенген үйден 3 газ баллонын шығарып үлгерді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласында құтқарушылар өртенген үйден 3 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 қаңтарда Силикатный кентіндегі жер үйде өрт шыққан. Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер аттанды. Жалпы ауданы 7 шаршы метрге жеткен жалын қонақ бөлмедегі жеке заттар мен жиһазды шарпыған.
Тілсіз жауды ауыздықтау барысында №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ерлан Сейтенов, Дәурен Оралғазыұлы және Манат Кушеев 1960 жылғы тұрғынды құтқарды. Сондай-ақ үйден 27 литрлік 3 газ баллоны сыртқа шығарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы немесе отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.
- Еліміздегі қанша гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жүргізу керек
- ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді
- Өрт қауіпсіздігі: Елордада жеке секторда тексеру жүріп жатыр
- Қазақстанның бірқатар өзенінде ылғал қоры нормадан асып тұр – ТЖМ
-
Биыл елорда аумағында 165 өрт болды
-
Улы газды бақылау датчиктері тұрғындардың өмірін құтқарады – ТЖ министрі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам