Семейде таныстарының атынан онлайн несие алған алаяқ түрмеге қамалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында таныстарының атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жеңіл жолмен ақша тапқысы келген ер адам алдын ала жоспар құрып сол бойынша әрекет еткен.
«Ол өзінің таныстарына, достарына, туыстарына хабарласып банктік карталарының реквизиттерін сұраған. «Маған бір адам істеген жұмысым үшін ақша төлеу керек. Бірақ банктік картам бұғатталып тұр. Сол үшін сіздің шотыңызға жіберсе» дейді ол. Бұған сенгендер сұрағанын айта салған. Осылайша 8 адам алданып қалды. Реквизиттерге қол жеткізген ер адам интернет-терминалдарға олардың әрқайсының атынан бір емес, бірнеше несиеден рәсімдеген» делінген хабарламада.
Жәбірленушілердің шотына ақша түскен кезде ол қайта келіп сол соманы шешкізіп алған.
Ал араға біраз уақыт салып арбалған азаматтарға сот орындаушыларынан қарызды төлеу туралы талап келген.
Сот үкімімен айыпталушы 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім толықтай заңды күшіне енген.
- Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды
- Алматыда жүк көлігі құрғақ субұрқақты қиратып кетті
- ШҚО полицейлері жоғалған 19 жылқыны иесіне қайтарды
- ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
-
Жылқы іздеп шыққан қостанайлық алты күннен соң табылды
-
ШҚО құтқарушылары жолда қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам